Саясат
Денесі қайда
Ресейдің Қорғаныс министрі ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) басшысы Әл-Бағдадидің қайтыс болғанына сенбейді. Нақтырақ айтсақ, АҚШ президенті Трамптың ДАИШ басшысы өлтірілді дегеніне күмән басым. Бұл жайлы «Интерфакс» хабарлады.
Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, АҚШ әскерінің Сирияда арнайым операция жүргізуіне мүмкіндік аз. Өйткені Сирияның әуе кеңістігіне бақылап отырған орыс офицерлері АҚШ Қарулы күштерінің ешқандай жерде авиашабуыл жасамағанын айтып отыр. Сондықтан Трамптың Әбу Бәкір әл-Бағдади өлді деп ресми мәлімдеме таратуы да өтірік.
- Бұл арнайы операция қатысқан мемлекеттер жағдайдың қалай болғаны жайында әртүрлі, бір-біріне ұқсамайтын ақпараттар таратып жатыр. Кімге сенеріңді білмейсің. Содан ондай операция болды ма әлде болған жоқ па деген сұрақ туындайды еріксіз, - дейді Ресей Қорғаныс министрінің өкілі Игорь Конашенков.
Одан бөлек, Конашенков Трамптың тағы бір мәлімдемесін жоққа шығарып отыр. Яғни, Трамп авиашабуыл жасауға Ресейдің өзі рұқсат еткен деген болатын. Алайда орыс әскерилері мұны жоққа шығарып отыр.
Сөз соңында Ресей әл-Бағдадидің өлгенін дәлелдесін деп шарт қойды АҚШ-қа.