Саясат

ДАИШ әл-Бағдадиді өлтіргені үшін АҚШ-тан кек алуға уәде берді

Лаңкестердің бірі АҚШ билігіне аудио хабарлама жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористтері көшбасшысы Әбу Бакр әл-Бағдадиді өлтіргені үшін АҚШ-тан кек алуға уәде берді. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

- Жолдан таюшылардың кегінен сақтаныңыз, - делінген хабарламада. 

Ислам мемлекеті (Қазақстанда тыйым салынған) өзінің ресми өкілі Әбу әл-Хасан әл-Мухаджирдің қайтыс болғанын растады. Ал бұған дейін лаңкестердің басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадидің қаза тапқаны расталған еді.