Weekend

Театр: «Әйелдің қалауы» комедиясы

«Толық үйлесімділік»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осы демалыстарда театрға барып демалыңыз! 

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында 9 қараша күні Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклі сахналанады, режиссерлері - Есмұхан Обаев пен Төлеубек Аралбай. 10 қараша күні Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясы қойылады, режиссері - Олимжон Салимов. 

Михаил Лермонтов атындағы Орыс мемлекеттік академиялық драма театрында 9-қараша үлкен залда Ж.-П. Абудың «Трансфер» комедиясы қойылады. Режиссері - Владимир Молчанов. 10 қараша күні Л.-М. Колла, А. Буржуа, Ф. Каруаның «Толық үйлесімділік» пьесасы, режиссері Владимир Молчанов. 

Кіші залда 9 қараша күні Людмила Разумовскаяның «Әйелдің қалауы» комедиясы қойылады, режиссері - Сергей Попов. 10 қарашада Ален Рейно-Фуртонның «Француз сабақтары» комедиясы сахналанады.