Саясат
17 адам қаза тапты
Тәжікстанның әскери бекетіне сәрсенбі күні ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) содырлары шабуыл жасады. Оқиға тәжік-өзбек шекарасының маңында болған. Бетін қара бетпердемен бүркемелеген 20 содыр № 4 "Ишкобод" жасағына шабуыл жасаған.
Кескілескен ұрыс барысында сарбаздар мен милиционер қызметкері қаза тапты. Қоршауда қалған содырлар соңына дейін берілмей, атыс жүргізген. Шабуыл жасаушы 15 содыр қаза тауып, 5 баскесер қолға түсті.
Оқиға орнында шұғыл тергеу қызметтері жұмыс жасауда.
Алдын-ала мәлімет бойынша, содырлар Ауғанстаннан келген. Соңғы бес айда аталмыш аймақта содырлар саны еселеп артқаны байқалады.