Саясат
Еліне қайтарып жатыр
Түркия қолға түскен Ислам мемлекеті (Қазақстанда тыйым салынған) содырларын елдеріне жер аударта бастады.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Чатаклы мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.
- Процедуралардың барлығы аяқталған соң, АҚШ-тан келген шетелдік террористер Түркиядан шығарылатын болады. Ал 14 қараша күні неміс ұлтының 7 азаматы еліне қайтарылады, - деді Чатаклы.