Bugin
Апат бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр
Грузияның Аджара аймағында автобус аударылып кетті. Апаттан 15 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.
- Оқиға Кеда ауылының маңында болды. Жалпы 15 адам жарақат алды, екеуі Батуми клиникасына, қалғандары жергілікті ауруханаға жіберілді. Олардың денсаулығы қазіргі таңда тұрақты, - деп хабарлады денсаулық департаменті.
Министрлік автобустың жолдан шығып, аударылып кеткенін айтты. Грузия ішкі істер министрлігі болған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады.