Weekend

«Bbook» мобильді қосымшасы балаларға жол тартпақ

Сөмке көтерген балаға ауыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қосымшаға тіркелген кез келген сынып оқушысы өзіне қажетті пән оқулығымен жұмыс жасай алады.

Бүгінде білім саласындағы технологияның дамуына айрықша басымдық берілуде. Сәйкесінше, кітап көлемі де күн өткен сайын артып келеді. Күнделікті артық салмақты көтеріп жүру мектеп жасындағы баланың денсаулығына оң әсерін тигізбесі анық.

Бұл мәселенің тиімді шешімін Bilgen  ұлттық авторлық методика және бағалау орталығы ұсынуда. Орталық электронды кітаптар жиынтығын қамтитын «Bbook» мобильді қосымшасын жасап шыққан. Енді оқушы «Bbook» мобильді қосымшасына барлық өзіне керек пәндік кітаптарды жүктеу арқылы еркін сабақ оқи алады. Ауыр салмақты кітаптардың орнын алмастыратын мобильді қосымша оқушының технологиялық білімін қалыптастыруымен қатар, балаға жаңа мүмкіндіктер береді.

Қосымша 58 мб-тан тұрады. Ал құрамындағы кітаптар көлеміне қарай 20-120 аралығындағы мегабайтты құрайды. Мектеп бағдарламасына арналған барлық пәндік оқу құралдары да қосымшада тегін ұсынылады.

Тіркелген оқушы келесі сыныпқа көшкен кезде, жыл сайынғы платформа жүйесі автоматты түрде оқулықтардың базасын жаңартып отырады. Платформада оқулықтармен қатар, әр тақырыптарға байланысты қосымша бейнематериалдар мен тәжірибелік жұмыстардың контенті болады. Бұл өз кезегінде ата-аналар мен мұғалімдердің жүйелі түрде сабақ процестерін қадағалап, оқушылардың сапалы білімді тек теориялық тұрғыдан алып қоймай, практикалық бағытта дамуына өзінің ықпалын тигізеді.