Спорт

Жеті кездесуін нокаутпен аяқтаған қазақстандық боксшы Мәскеуде де жеңіске жетті

Айдос Ербосынұлы WBO GLOBAL титулын еншіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық Айдос Ербосынұлы Мәскеудегі бокс кешінде WBO GLOBAL титулы үшін екінші орта салмақта бельгиялық Илиас Ачергуимен кездесті.

Бұған дейін кәсіби бокста тоғыз кездесу өткізіп, соның жетеуін нокаутпен аяқтаған атыраулық Айдостың қарсыласы да осал емес еді. И.Ачергуи бұған дейін12 жеңіске жетсе, үшеуінде ұтылып, біреуінде тең түскен екен.

Кездесу барысында Айдос есесін жібермей, оның да соққылары дөп тиіп жатты. Дегенмен төртінші раундта рефери А.Ербосынұлы нокдаунға түсіп қалды деп есеп ашты. Алайда бұдан кейін иығынан жарақат алған бельгиялық боксшы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Осылайша 27 жасар Айдос Ербосынұлы оныншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO GLOBAL титулын жеңіп алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық боксшылардың титулдық айқастары өтетінін жазған болатынбыз.  

Дереккөз: inform.kz