Шымкент

Шымкентте коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелді

12 адам

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында 4 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді.

Қаладағы 8-шағынауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген 24 жасар азаматша оқшауланды. Науқастың жағдайы қалыпты.

Қазіргі таңда қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Науқаспен байланыста болған 21 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның алтауы жақын туысы).

Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 12 адам тіркелді.

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді.