Алматы

Open space: Алматының Түркісіб ауданында сервис-әкімдік ашылды

Мемқызмет

Служба поддержки авторов

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының Түркісіб ауданы әкімдігі Алматы қалалық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірігіп жаңа форматта қызмет көрсететін "Сервис әкімдік" жобасын іске қосты.

Аталмыш жоба аудан тұрғындарының бірнеше мекеме бармай-ақ, бір жерде "бір терезе" қағидасы бойынша мемлекеттік қызмет алып, мәселелерін шешіп, заңдық әрі цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында қолға алынды.

"Open Turksib" алаңында білім беру, денсаулық сақтау, ТҮКШ, жер қатынастары, қала құрылысы, тағы басқа саланың мамандары қызмет көрсетеді, кеңес береді, құжат рәсімдеуге көмектеседі. Мұнда Халыққа қызмет көрсету орталығы көрсететін қызметтер де (анықтама алу, ЭЦҚ кілт алу, үйге, балабақша мен мектепке кезекке тұру, құжат өткізу, т.б.) беріледі.

Орталық азаматтарға жайлылық мен еркіндік сыйлар интерьермен, жабдықтармен қамтамасыз етілген: жұмыс істеу орындарына техникалық құрылғылар қойылған, ақпараттық стенд орнатылған, түрлі іс-шара өткізуге арналған конференц-залдар бар.

Одан бөлек, балалар үшін арнайы бұрыш ұйымдастырылған.

- Әкімдік ғимараттарының Open-space форматына өтуі азаматтардың мемлекеттік мекемелер мен құрылымдарға деген сенімін арттыруға, жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл – жемқорлықпен күрестің заманауи технологиясы, - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Нығметжан Сапаров.