Bugin

Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болды

Алматы қалалық Полиция Департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев көз жұмды

Служба поддержки авторов

mediabugin@gmail.com

Мұны қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бас полицейдің ұлы тамыз айының басында квадроциклмен келе жатып, жол апатына түскен екен. Басында ешқандай зақым байқалмағанымен, аурудың белгілері кейін біліне бастаған көрінеді. Германияда ота жасалғанымен, 27 тамыз күні көз жұмды.

1990 жылы дүниеге келген Нұрсұлтан Күдебаев Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметінде болған. Артынан үш баласы қалды.

Сайт редакциясы Серік Күдебаевтың отбасына көңіл айтады.