Bugin

Тоқаев: Жұрттың Елордаға көшіп жатқаны жөн емес

Ауыл - алтын бесік

Служба поддержки авторов

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ішкі миграциясымен, қалаға тұрғындардың шектен тыс шоғырланып кетуі жайында пікір білдірді.

- Жолдауда айтып өткенімдей, қалаға көшіп, қоныстанып жатқан адамдардың көбеюі мақтаныш емес. Қалаға адамдар сыймай жатыр. Өйткені бізде ішкі миграцияны бақылау деген жоқ. Сондықтан елдің ішкі миграциясын бақылауда ұстауымыз қажет, - деді Тоқаев елордада өткен жиналыста.

Мемлекет басшысының ойынша, қала халқы бір миллион, екі миллион болды деп есеп беріп, мақтанудың мүлдем жөні жоқ. Өйткені қалаға жиналған жұртты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі алдымыздан шығады.

- Мәселен, аймақтағы жағдайы жоқ отбасылар Нұр-Сұлтан қаласына қарай ағылуда. Елордада баспана алғысы келетіндердің, кезекте тұрғандардың саны сондықтан өсіп кетті. Қалада балабақша мен мектеп жетпей жатыр. 85 мың бала балабақша кезегінде тұр. Бір сыныптағы бала саны 40-қа жетіп жығылатын 14 мектеп бар. Олардың 8-і үш ауысыммен оқиды, - дейді президент.

Tengrinews.kz