МӘДЕНИЕТ

Күйеу балаға берілетін алғашқы сый туралы білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: adebiportal.kz

Қазақта "Күйеу бала - қайынжұртына сүйеу бала" деген нақыл бар. Осы орайда Bugin.kz тілшісі қайынжұртының күйеу баласына беретін алғашқы сыйлық беру кәдесі туралы оқырмандарға ұсынады.

Бұл кәденің аты "қапқа салар" деп аталады. "Қапқа салар" дәстүрі қызды алып кетуге келген кезде орындалады. Яғни қыз ұзатылардан бұрын қыздың әкесі жаңа құда-құдағайларына сый-сияпат берген соң күйеу баласына да сыйлық береді.

"Қапқа салардың" нақты аталған сыйлығы жоқ. Дегенмен сырт киім, ер-тоқым, қару-жарақ, ірі-қара мал немесе қажетті заты болуы мүмкін. Бұл сол әулеттің дәулетіне, жағдайына байланысты болады. 

Қайынжұртының беретін сыйы күйеу баласына деген құрметтен туындаған. Бұл "қапқа салар" сыйлығы алғашқы сыйлығы болғандықтан, күйеу балаға ұнауға тиіс. Сондай-ақ сыйды өз игілігіне қолданса, құба-құп болады.  

Дереккөз: "Қазақтың салт-дәстүрлері" кітабы