Bugin

Назарбаевтың экс-құдасының бостандыққа шыққаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:pexels.com

Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды  bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысының соты 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбавтың жазасын жеңілдетіп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот шешімі бойынша ол пробациялық бақылауда болады.

Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді:

сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;

мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;

қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Қайрат Боранбаев 2022 жылы наурызда қамауға алынды. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаев өз еркімен мемлекетке 90 млрд теңгенің активтерін қайтарғанын мәлімдеді. Олардың арасында мұнай кен орны, газ тарату компаниясы, қонақ үй және сауда ойын-сауық кешендері бар.