Алматы арнасының 20 жылдығы Медеуде

Алматы арнасына - 20 жыл

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тарихы 1999 жылдан бастау алатын «Алматы» арнасы  бүгінде еліміздің барлық өңірлерін қамтыған. Тек Алматы қаласы ғана емес еліміздің түкпір-түкпіріне  телеарна цифрлық жүйемен хабар таратады. Телеарнаның Нұр-Сұлтан қаласында тілшілер қосыны бар. Одан бөлек, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы серіктестерімен тығыз байланыс орнатқан.

1999 жылдан міне 20 жылға толған Алматы арнасында ұлы той... Бүгінде "Алматы" телеарнасы қала тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерге мән беріп, шешімін бірге табуға барын салуда.

Айтулы мереке 23 қараша күні сағат 16.00-де «Медеу» мұз айдынында өтеді. Кеште танымал эстрада жұлдыздары Әлішер Кәрімов, Бүркіт пен Аиша, Сивиетта Махмуди, Бейбіт Көшқалиев, Серікбол Сайлаубек әннен шашу шашып, ең үздік әндерін тарту етеді. Ал «Q-pop»,  «CrystalZ», «Оtty», «MalikaYes», «MayBo» және «Бұйра» топтары да бұрын-соңды еш жерде орындалмаған жаңа әндерінің тұсауын кеседі. «Алматы» телеарнасын  құттықтау үшін Қазақстанның белгілі мәдениет және спорт қайраткерлері арнайы келеді.   

Кеш  қонақтары Алматы қаласы мен телеарна тарихына негізделген қызықты ұтыс ойындарына қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Медеуге» кіру  билеттерін ticketon.kz немесе kassir.kz онлайн кассасынан сатып алуға болады.                                                                                                           


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61