Біз туралы

Buginnen basta

Buginnen basta

Неге бүгіннен бастау керек?

Мақсатқа жету үшін, арманды орындау үшін бүгінгі істі ертеңге қалдыруға болмайды. Buginnen basta – біздің ұран!

Bugin.kz – ақпараттық және танымдық бағыттағы медиаплатформа. Сайттың негізгі мақсаты – еркін журналистік ортаны құру және мәдениетті дамыту. 

Тәуелсіз авторлар платформасы

Кез келген қаламы қарымды журналист немесе блогер, автор жазуға әуес. ХХІ ғасыр – ақпарат пен тың идеяларды ұсынатын және сол арқылы материалдық мүмкіндігін қалыптастыратын дәуір. 

Bugin.kz сайтына автор ретінде тіркеліп, журналистік материалды (зерттеу, сұқбат, танымдық, т.б) үйде отырып қана жазып, "Bugin" көрсеткішін жинай отырып қаламақы алуға болады. Қаламақы арнайы төлеу жүйесімен емес, автордың өзінің еңбегін бағалауы және халықтың бағасын беруі арқылы жүзеге асады. 

Мәдениетті дамыту

Қазақ әдебиеті – қазақ мәдениетін жасап отырған негізі бағыттың бірі. Еліміздегі ақын-жазушылардың шығармашылық қабілеті мен қазақ әдебиетін дамыту мақсатында сайт үлкен мүкіндік ұсынады. 

Ақын мен жазушы сайтқа автор ретінде тіркеліп, өлеңдерін және прозаларын бере отырып қаламақы ала алады.

Еліміздің әр түкпірінде күнделікті жаңалықтар мен ақпараттардың ағыны ағылып жатыр. Республикамыздағы сайттардың бәрін қамтуға мүмкіндігі шектеулі. Біз осы шектеулі мүмкіндікті жойып, әрбір жазуға қабілетті журналистерді, блогерлерді  және ақын-жазушыларды сайтқа автор ретінде тіркелуге шақырамыз!

Рухани жаңғыру жолындағы жетістік 

Дамыған заманауи технологиялардың арқасында шығармашылық қабілеті бар адам барынша еркін және көсіліп жазуға тырысу керек. Біз дәл осы еркіндікті ұсынып қана қоймай, материалдық қажеттілікті де  беруге дайынбыз!

Бүгінгі басты жаңалықты сен бірінші болып бер! Бүгінгі ең өзекті мәселені сен бірінші болып жаз! Бүгінгі руханияттың отын сен бірінші болып жақ!

Дайын болсаң, бүгіннен баста!

 

(с) bugin.kz ұжымы. Buginnenbasta