Weekend

Ауа райы: Алдағы күндері күн қатты суытады

Ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Карск теңізінің арктикалық ауа массаларында антициклон қалыптасып, оңтүстік-батыс бағытында жылжып, 21 қарашада Ресейдің Еуропалық территориясының орталығына дейін жетеді. Антициклонның шығыс перифериясы бойынша Қазақстанға Батыс Сібір арқылы арктикалық теңізден өте суық ауа массасы келіп, республиканың басым аймақтарында айтарлықтай күн суытады»,– делінген Қазгидромет болжамында.

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің хабарлауынша, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда ауа температурасының 28…33° аязға дейін төмендейді, сондай-ақ кей жерде қар, бұрқасын, қатты жел күтіледі.

Сонымен қатар батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының кей жерінде  қар, көктайғақ, тұман болып, түнде - 7…15°С-қа дейін, қиыр оңтүстікте минус 3…8°С-қа дейін күн суытады.