Спорт
Футбол
Қазақстан жəне Өзбекстан ұлттық құрамалары жолдастық ойын өткізуді жоспарлауда. Бұл жайында журналист Айдын Қожахмет өз телеграм каналында хабар берді.
- Қазіргі таңда екі мемлекеттің футбол федерациясы жолдастық кездесу туралы келіссөз жүргізуде. Егер аталмыш екі тарап келісімге келсе, ойын 2020 жылдың Наурыз айында Ташкентте өтеді, - деп жазды Айдын Қожахмет.
Қазақстан және Өзбекстан футбол федерациялары арасындағы қарым-қатынас үзіліп қалған болатын. Оған 2007 жылы Шымкентте өткен "Алма-ТВ Кубогы" халықаралық турнирінде болған оқиға себеп болған.
Финалда Қазақстан жəне Өзбекстан құрамалары күш сынасқан. Есеп 1:1 болып тұрғанда, өзбекстандық шабуылшы Анвар Салиев қақпашы мен бірге бір шығады. Бірақ оны айып алаңында Давид Лорья шалып жығытады. Қырғыстандық бас төреші Дмитрий Машенцевтің ысқырығы үнсіз қалады. Ойын бойы алаң иелеріне жақтасқан бас төрешіден наразы болып отырған өзбекстандық делегацияның жүйкесі сыр береді.
- Өзбекстан құрамасысының делегациясы Қырғызстандық бас төрешіге өрескел түрде өз наразылықтарын білдіреді. Тіпті делегация өкілдерінің бірі қапталдағы төрешіні соққыны астына алды. Қысқасы ойын соңы дауға ұласты, - деп жазады Айдын Қожахмет.
Ойын 1:1 есебімен аяқталады және жүлде Қазақстан ұлттық құрамасына бұйырады. Ойыннан кейін болған баспасөз мәслихатында Қазақстан және Өзбекстан футболы байланысы үзілгенін жариялайды.
- Ойыннан кейінгі баспасөз мәжілісінде қонақтардан тек Өзбекстан Ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы Алишер Никимбаев қана келді. Ол ойында болған әділетсіздіктер туралы айта келе Өзбекстан бұдан кейін ешқашан Қазақстанмен футбол ойнамайтындарын мәлімдеді. Яғни, екі мемлекет арасындағы футбол байланысы үзілді, - деп жазды Айдын Қожахмет