Саясат
Мықты билеуші
Шри-Ланкада бұрынғы Қорғаныс министрі, 70 жастағы Готабай Раджапакс елдің жаңа президенті болып сайланды. Бұл туралы ВВС хабарлайды.
Оның қарсыласы Саджит Премадас - 42%, ал Раджапакс 52,25% дауыс жинаған. Қатысушылар 83,7% құрады.
Раджапакс 18 қарашада ант береді.
Готабай Раджапакс өзін «мықты билеуші» ретінде көрсетеді. Ол Шри-Ланканы ағасы Махинда басқарған кезде елдің қорғаныс министрі болған еді.
Ол ағасымен бірге «Тамил-Иламды босату жолбарыстары» тобын құртуға атсалысып, шамамен 100 000 адам қайтыс болған, ұзақ уақытқа созылған соғысты аяқтауға көмектеседі.