Weekend

Қадірлеу

Қадірлей білу бақытқа жетелейді...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қамшының сабындай бес күндік мына жалғанда бір біріміздің қадірімізді білейік! Пешенемізге жазылған уақыттың қанша уақытқа дейін созыларын жаратушы Алладан басқа ешкім білмейді...

Бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Сондықтан әрбір соғылған қоңырауға мән беріңіздер,  себебі ол қоңырау қайта соқпауы мүмкін немесе қайта xабарласқанда саған керек жанның даусын ести алмауың мүмкін...

Қасыңыздағы жақын жандардың маxаббатын қабыл алып, сол махаббаты сезіне біліңіз. Тоқтаусыз мейрім шашып, жүрекке жылу сыйлайтын сөздер айтыңыз мүмкін сол адам дүниеден өткенде артында өкінішпен қалмассыз.

Менің бұл өмірден түйген тағы бір ойым ол адамды тірі кезде бағалау керек екен... Дүниеден өткеннен кейін қадіріне жету ол баршамыздың қолымыздан келетін іс...

Бұл дүниенің тіршілігі өткінші ғой шіркін... Бірақ біз оны мәңгілік шырақ секілді көреміз. Сол лапылдаған шырақты айналып жүре бергенен,қай кезде күйіп ,қай күні қанатсыз қаларымызды біле бермейміз.