Саясат

Қазақстанда 2020 жылдан бастап қандай өзгеріс болады?

Дәулет Жарылғасынов мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда 2020 жылдан бастап жер мен мүлік салығын біріктірілмек. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР МКК Салық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов айтты.

«Алдағы уақытта жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын төлеуді жеңілдету көзделіп отыр. Осы мақсатта «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы арқылы салық элементтерін өзгертпестен осы салықтарды (жер мен мүлік) біріктіру ұсынылуда», - деді Дәулет Жарылғасынов.

Оның айтуынша, бұл жағдайда жер мен мүлікке салынатын салық жеке-жеке есептеледі. Ал салық төлеушіге бір сомамен төлеу ұсынылады.

«Сол секілді, заң жобасында көп пәтерлі тұрғын үйлердің иелері бойынша жер салығын алып тастау да қарастырылған», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дәулет Жарылғасынов 2020 жылдан бастап көлік салығы әр жылдың сәуір айына дейін төленетінін мәлім еткен болатын. Яғни, көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімін 31 желтоқсаннан 1 сәуірге ауыстыру қарастырылуда.

inform.kz