Weekend

Демалыс күндері театрға барыңыз...

«Ұлы мен Ұры»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театры сахнасында 23 қазан күні Г. Томскийдің «Аттила мен Аэций» тарихи драмасы қойылады. Режиссері - Алма Кәкішева. 24 қазан күні Төлен Әбдіковтың «Ұлы мен Ұры» драмасы қойылады, режиссері Есмұхан Обаев.

Михаил Лермонтов атындағы Орыс Мемлекеттік Академиялық драма театры сахнасында 23 қазан күні үлкен залда Израэль Горовицтің «Бір кездері Глостерде» драмасы, режиссері Сергей Попов. 

Кіші залда Олжас Жанайдаровтың «Жұт» пьесасы, режиссері Рубен Андриасян. 24 қазан күні үлкен залда Ноэл Кауардтың «Интимді комедия» комедиясы қойылады, режиссері - Дмитрий Скирта. Кіші залда А. Рейно-Фуртонның «Француз сабақтары» комедиясы, режиссері - Андрей Кизилов.