Bugin

Божко дипломы жоқ адамдарды ауыл әкімі болуға рұқсат етуді ұсынды

Ондай адам жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Мәжіліс спикерінің орынбасары Владимир Божко жоғары білімі жоқ адамдарға ауыл әкімі қызметіне тағайындауға рұқсат етуді ұсынды.

- Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кезінде ауыл әкімі қызметіне тек жоғары білімі бар азаматтарды ғана тағайындау жөніндегі «біртүрлі» бұйрық шығарған еді. Кешіріңіздер бірақ, ауылда тек мұғалімдер мен полиция қызметкерлерінің ғана жоғары білімі бар. Орта білімі ғана бар кейбір азаматтардың қаржылық сауаты мен өмірлік тәжірибесі әлдеқайда көп. Мұны ұмытып кеттік. Агенттік шығарған бұйрық мұндай тәжірибесі мол адамдарды ауыл әкімі етуге кедергі болып отыр, - деді Божко мәжіліс отырысы кезінде Мемлекеттік қызмет істер агенттігі басшысының орынбасары Марат Дауешовке қарата.

Божко аталмыш бұйрықты тағы бір қарап, білімі орта, алайда өмірлік тәжірибесі мол адамдарды әкім қызметіне тағайындау жолдарын жасауға ұсыныс білдірді.

Tengrinews.kz