Weekend
Оқу бағдарламасына енгізілген жаңа "Медиаэтика" кітабы жас мамандарға көмекші құрал болмақ
Медиа саласы - ақпараттың түйіскен мекені. Ал ақпарат бұрмалануы да, қателікке ұшырауы да мүмкін. Бұл медиада өзіндік резонанс, цензура тудырады.
Білікті медиа маманы мұндай жағдайлардың алдын алып, шындыққа жанаспайтын мәліметтердің таралып, ел арасында жайылып кетуіне жол бермеу керек. Сондықтан да, журналист болсын, кез келген медиа маманы болсын, өз саласының төңірегінде туындаған мәселелерді шешіп, тығырықтан шыға білу қажет. Осы тұрғыда Қазақстандағы "100 жаңа оқулық" жобасы аясында енгізілген "Медиаэтика" кітабы жас мамандарға арналған тәжірибелер мен жағдаяттық түрдегі шынайы оқиғаларды келтіріп, медиада кездесетін түрлі этикалық мәселелердің шешу жолдарын көрсетеді.
Барлығымыз болашақта осы саланың жілігін шаққанша түрлі қиындықтарға, тосқауылдарға кездігуіміз әбден мүмкін. Ал оқулықтың басты ұтымдылығы, қоғаммен байланыс саласындағы, жарнама, түрлі еңбек төңірегінде қызмет ететін жас мамандар тап болған күрделі мәселелер мен шынайы оқиғалар барысы, шешімі тұтас көрсетіледі. Жағдаятты оқи отырып, басты кейіпкер рөліне ене кетіп, мәселені шешудегі өз нұсқаңды қарастырасың. Сол бойынша бір нәтиже шығарып, пікіріңді саралайсың.
Қорыта айтқанда, аталған кітаптың ақпарат саласына аяқ басқан жас мамандарға бағыт-бағдар беруге, журналистің этикасына қосар үлесі зор.