Саясат

Қытай: «Қырғи қабақ» соғыс әлі жалғасып жатыр

Қытай сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның жүрегінде 30 жыл бұрын аяқталған қырғи қабақ соғыс әлі жүріп жатыр, сондықтан ол Қытайға қарсы жағымсыз пікір қалыптастыруға тырысуда. Мұндай мәлімдемені Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуан жасады, деп хабарлайды ТАСС.

- Оның ескертулері Қытай тарихы мен елдегі қазіргі жағдай туралы идеологиялық болжамдарға толы. Ол өтірік әрі дәйексіз қауесет таратып отыр. Қырғи қабақ соғыс аяқталған сәттен бастап 30 жылдан астам уақыт өтті, алайда бұл соғыс әлі де Помпео мырзаның жүрегінде жүріп жатыр деп қорқамын, - деді дипломат.

Оның айтуынша, Қытай Помпео іс-әрекет бағытын өзгертеді деп үміттенеді: екі елдің қарым-қатынасын объективті түрде қарастыра бастайды, "қытайға қарсы көңіл-күйді үрейлендіруді" тоқтатады және оларға зиян келтірмей, екі мемлекеттің қарым-қатынасына көмектесетін болады.