Weekend

Мұндай кітапты оқымаңыз

Әлемде жақсы кітаптар жеткілікті, сондықтан пайдасыз кітаптармен уақытыңызды құртпаңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Әлемде шамамен 130 миллион кітап бар екен. Егер сіз кітап оқи алатын белсенді 70 жыл өмір сүрсеңіз және жылына 50 кітап оқысаңыз, ғұмыр бойы ары кетсе 3 000-дай ғана кітап оқиды екенсіз. Енді осы цифрды қандай кітаптармен толықтырасыз? 

Сондықтан аз ғана өмірді қызықсыз, жаман кітап оқумен өткізу – ең нашар таңдау екенін ұққан боларсыз. Ал, кітаптың пайдасыз не қызықсыз екенін қайдан білуге болады? 
Ол үшін «50 БЕТ» ережесін қолданыңыз. Кітаптың алғашқы елу бетін (шамамен 1-2 сағат) оқып шығыңыз. Егер қызықтырмаса, жаба салыңыз. Келесі кітапты алыңыз. Әлемде жақсы кітаптар жеткілікті, сондықтан пайдасыз кітаптармен уақытыңызды құртпаңыз. 
Күніне бір сағат кітап оқу – көптеген табысты істерге, ешкімнің басына келмеген қызықты ойларға, жетістікке жетуге итермелейтін ғажайып әрекет. Біздің қоғамда әрекетсіз тұрып қалатын кездер көп. Мысалы, пробкада тұру, кезек күту, автобус не метрода отыру, бос әңгімеге құлақ түру. Осы уақыттарды кітап оқуға пайдалансаңыз, қаншама маңызды мағлұматтармен байып, өзіңіз өмір сүретін ортаны жақсартуға ұмтылар едіңіз. Себебі кітап оқитындар оқымайтындарға қарағанда мұқтаждарға көбірек көмектеседі екен. Статистика солай дейді.

 

 

Дереккөз: "Әдебиет ошағы" вк парақшасынан