Bugin

Оңтүстік Қазақстаннан мұнай табылды

Бұрғыланған 39 ұңғыманың он бірінен қоңыр түсті сұйық мұнай табылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысы Үлкен Қаратаудағы Шоқпақ учаскесі аумағында палеозой жыныстарынан мұнай белгілері табылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

- Арнаулы экспедиция боксит, онымен қоса қорғасын, мырыш және сирек кездесетін басқа да заттарды табу үшін Үлкен Қаратаудың Леонтьев ойысындағы геофизикалық түзілімдерді зерттеген. Ол үшін 300 метрге дейінгі ұңғымалар қазылған. Бұрғыланған 39 ұңғыманың он бірінен қоңыр түсті сұйық мұнай табылған. Бұдан тыс, бұрғылау кезінде мұнай қабыршақтары бөлініп шықты, - деп жазылған хабарламада.

Осыған дейін Шу-Сарысу ойпаты маңында бірнеше ұсақ газ кені табылған еді. Олардың ең ірілері – Амангелді мен Придорожное кендері. Енді Сырдария, Шу-Сарысу ойпаттарынан мұнай іздеудің өзектілігі арта түсті.