Weekend
Мәңгілік сапарға аттаған халықтың қалаулылары
Шора Шамғалиұлы Сарыбаев 1925 жылы 2 наурызда Ташкентте дүниеге келген ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ КСРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері.
Ол “Түркітану әдебиетінің библиографиясын” (1989) бастырып шығарды. Қазақ тіл білімі саласында қорғалған 1000 кандидаттық, докторлық диссертацияларының библиографиялық көрсеткішін құрастырды (2000). Ол 1965 ж. АҚШ-тағы Гарвард корпорациясының мүшелігіне сайланған, ГФР-да (1975), Түркияда (1994) өткен халықаралық конгресс, конференцияларда баяндамалар жасаған. Шора Шамғалиұлы 2018 жылдың 2 мамырында 94 жасына қараған шағында дүниеден озды.
Жексенбек Еркімбеков 1930 жылы 5 қаңтарда Алматы облысы, Ескелді ауданында өмірге келген мәдениет және қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырашы-дирижер, оқытушы мамандығы бойынша бітірген. Қазақ радио коммитетінің жанындағы ұлт-аспаптар оркестрінде, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде домбырашы болған ол Бухарест қаласындағы Дүниежүзілік жастар мен студенттердің 4-фестиваліне қатысып, арнайы дипломмен марапатталды. 1956 – 58 жылдары Алматы хореография училищесінің директоры, Қазақ радиосы музыка редакциясының көркемдік жетекшісі, Қазақ КСР-і ән-би ансамблінің директоры, 1959 – 61 жылдары Қазақстан КП ОК-нің мәдениет секторының меңгерушісі, 1961 – 66 жылдары Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театрының директоры қызметтерін атқарды. 1966 – 76 жылдары Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінде өнер басқармасының бастығы, министрдің орынбасары, Мәдениет министрі (1976 – 87) болып қызмет етті.
Алдаберген Қайырбекұлы Мырзабеков, 1930 жылы 14 қараша Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылында дүниеге келген– дирижер, педагог, ҚР халық әртісі, публицист.
Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін бітірген.
Оның оркестрге арнап түсірген Тәттімбеттің, Сүгірдің, Әшімтайдың шертпе күйлері, Ықыластың қобыз күйлері, тағы басқа халық композиторларының ән-күйлері, орыс және шет ел классиктерінің туындылары бар.
Шығармашылық еңбегі үшін Моңғолияның “Алтын жұлдыз” орденімен марапатталды.
2018 жылы 6 ақпанда дүниеден өтті.
Зәмзігүл Нүсіпбайқызы Шәріпова 1931 жылы 31 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданында туған — көрнекті театр актрисасы. Қазақ КСРнің xалық артисі. Отан, Құрмет белгісі және Халықтар достығы ордендерінің иегері. ҚР мемлекеттік степендиясының лауреаты.
1948 жылы Алматы театр училищесін бітірді. Сол жылдан бастап "Қазақфильм" студиясында және Қазақ радиосында қызмет етіп, дубляж бен радиоқойылымдарға қатысты. 1953ж. М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды. Сол уақыттан бері үзіліссіз осы театрда қызмет ететін, актерлік диапазоны кең актриса ұлттық драматургия бен дүниежүзілік классикадан сан қырлы 100-ден аса бейне сомдады.
2005 жылы ҚР тұңғыш президентінің жарлығы бойынша ең жоғарғы «Отан ордені» мен марапатталған.
Зәмзігүл Нүсіпбайқызы Шәріпова 2018 жылы 14 шілде 86 жасында қайтыс болды.
1932 жылы қыркүйектің 28 күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылында дүниеге келген Шерхан Мұртазаның қазақ әдебиетіндегі, қазақ қоғамындағы алатын орны бөлек. "Қызыл Жебе","Мылтықсыз майдан", "Сталинге хат", "Бір кем дүние" секілді көптеген шығармалар мен еңбектің авторы, өзіндік қолтаңбасымен елдің сүйікті жазушысына айналған еді. Соңғы кездері жазушының хәл үстінде жатқаны белгілі болған.
Шерхан Мұртаза – әлем әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларын аударған аудармашы. Ганс Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін қазақ тіліне тәржімалады. «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Халық жазушысы, ұлт тұлғасы Шерхан Мұртаза 86 жасында дүниеден озды.
Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Шерхан Мұртаза 86 жасында дүниеден өтті.
Белгілі актер, педагог, Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері. Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі Есім Жүкеұлы Сегізбаев 81 жасында дүниеден өтті.
Есім Жүкеұлы 1937 жылы 14 сәуірде Көкшетау облысы, Рузай ауданы, Сарыадыр ауылында дүниеге келген. 1978 жылдан бүгінге дейін Есім Сегізбаев негізгі кәсіби мамандық «Актер шеберлігі» пәнінен дәріс беріп, өз шеберханасынан драма және кино, музыкалық театр актерларының 13 тобын (200-ден астам шәкірттерді) оқытып шығарды. 15 дипломдық спектакль қойды. Одан білім, тәрбие алған талантты шәкірттері Астана мен Алматыда және Қазақстанның барлық қазақ театрларында, радио- телестудияларында, өнер мекемелерінде қызмет етеді.
Шәкірттерінің ішінде: 12 (Қазақстанның халық әртісін), 1 (Қытайдың халық артисін), 1 (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерін), 14 (Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлерін), 30ға жуық (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері мен мәдениет қайраткерілерін) бар.
Рахымжан Отарбаев 1956 жылы 19 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. 1977 жылы Орал педагогика институтын бітірген
Әр жылдарда «Орал өңірі» газетінде тілші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ телерадио комитетіне редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, Қырғызстанда Қазақстан елшілігінің атташесі, ҚР Президенті Әкімшілігінде сектор меңгерушісі және тағы басқа лауазымды қызметтерінде болды.
Бүгінгі таңда Атырау облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағының иегері
Денис Юрьевич Тен 1993 жыл 13 маусым Алматыда дүиеге келген — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы.
Ерте жастан дүниеден озған жарық жұлдыз
19 шілде күні танымал мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиаданың қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тен кісі қолынан қаза тапты.
Денис Юрьевич Тен 1993 жыл 13 маусым Алматыда дүиеге келген — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы.Оған 19 шілде күні шабуыл жасалған еді. Оқиға 15.00 шамасында Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болды. Спортшы денесінің бірнеше жеріне пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан.
Ол Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер спортшыға шұғыл көмек көрсеткенімен оны аман алып қалу мүмкін болмады.