Экономика

Арман Байқадам: KZ атауын өзгертуге Қазақстанның ақшасы жетпейді

Тек машинаның нөмірін ауыстыруға 44 млрд. теңге шығындалады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Латын графикасының қазіргі қоғамға сіңіп кеткен қыры – "қ" әрпінің "q" деп таңбалануы. Қарапайым қолданушының өзі "қ"-сы бар сөзді "q" әрпімен таңбалауға құмар. Оның бұлай орнығып кетуіне "q" латын әрпінің "с" сияқты бос қалуы, альтернатив нұсқаның болмауы әсер етті. Бірақ Қазақстан Qazaqstan болуы үшін, KZ емес, QZ деп өзгеруі үшін мемлекеттің біраз шығындануына тура келеді. "Bailatyn" латын графикасының авторы Арман Байқадам, тіпті, бұған Қазақстанның ақшасы жетпейді дейді.

"Bailatyn" латын графикасының нұсқасы қазіргі кириллше "к" мен "қ" әріптерін бір ғана латынша "к" деп таңбалауды ұсынады. Яғни, екі әріпті сөздердің жуан-жіңішкелігіне қарап ажыратуға болады.

- KZ атауын өзгертуге Қазақстанның бюджеті жетпейді. Қазақстанда «KZ» таңбалы 5 000 000-нан аса автокөлік бар. Оны тек QZ таңбасына ауыстыру мемлекетке шамамен 44 млрд теңгеге түседі екен. Мұнда интернет домендерін қосып тұрған жоқпын. Тек машинаның нөмірін ауыстыруға 44 млрд. теңге шығындалады. Бұл қаражатпен біз екі жылда латынға толық көшіп, қазақ тілінде IT-бағдарламаларды жасап алуға болады. Көрші Өзбекстан да өзгеріссіз «UZ» деп қалдырды. «ch», «sh», «ing» деген әлемдік диграфтар бар. Біздің «ң» деген әріпімізді «ng» деп беріп жатыр. Терминдер жүйесінде 5 мыңға жуық герундия етістіктері бар. «parking», «boxing», «clening» деген сөздер «ing»-мен беріледі. Ал «sh» - «ш» қарпін дыбыстаса, әлемдік «ch» - «chаmpion», «channel» деген сөздерде қолданылады. Ал кириллицадағы «ж» қарпін «zh» арқылы беру – артық болады деп ойлаймын. Латиницамен «Ж» әрпін «Japan» сөзіндегідей «j» қарпімен беру керек. Сондай-ақ, «q» әрпі кириллица әліпбиіндегі «ғ» әрпін береді, - дейді автор.

Мұндай нұсқаны "Kazak grammar" бірлестігі де ұсынады. Олардың нұсқасында да "к" мен "қ" әріптері "к" деп таңбаланады. "Q сектасының адептілері" атты жарияланымда "Kazak grammar" жоғарыда аталған шығыннан бөлек Q әрпін O әрпімен шатастырып алу оңай. Яғни, визуал тұрғыда да Q өте ыңғайсыз дегенді алға тартады.