Weekend

Түнгі ескерту: Мистикалық оқиға

Оқиға

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Төсекке жайғасып жата бергенім сол еді. Кенет мылтықтың тарс етілген дауысы бар тыныштықты бұзды. Орынымнан серпе атып тұрдым. Жалтақ-жалтақ етіп, шамды қоспастан терезге үңілдім, көше тым-тырыс. Мүмкін маған солай елестеген болар деп өзімді алдап орыныма келіп жаттым. Бас жағымда бір сұлба көше жарығына қараң ете қалды.

Тағы да шошына төсектен ыршып тұрдым. Ешкім жоқ, тек көше жарығы және де мен. Қорыққанға қос көрінер, сабыр. Қайрат сабыр. Қайта төсекке жаттым.

Көрпені бүркеп алдым, іштей дір-дір етіп жатырмын. Көрпе сыртынан біреу дем алғандай болды. О Құдайым, түсім болса екен, түсім. Жуан дауыста, үрейлі дауыста сөйлеп. "Бұл - ескерту" деді. Бар күшіммен көрпені ашып қалдым. Тек қара көлеңке жүгіре өтті.

Келесі күн бар оқиғаны досым Ерланға баяндап бердім. Басында сенбеді, бірақ бала емес, ересек адам айтқасын намбауы мүмкін бе?!

Үйге шаршап келдім, бірден төсекке сылық түстім. Кұлағыма бір мақлұқ іспетті бәле жақындап келіп, екінші ескерту жасады. "Қараңды батыр" деді де ізім ғайым жоқ болды. Шошып ояндым. 

Бұл оқиғаны да жұмыста досыма баян етіп едім, сенбеген сыңай танытты. Бірақ "өз көзімен көрмекке қонамын" деді. 

Жұмыстан кейін бірден біздің үйге келдік. Түн болды. Ұйықтадық. Бөлмеде бір нәрсе жүре бастады. Досым бірден жарықты жағып қалғаны сол еді. Қара киімді енгезердей адам атып шықты, қолында мылтығы бар. Шүріппені басып қалды, досым тіл тартпастан кетті.

Маған қарай бұрылды, жүзінде мұң бейнеленген бетперде бар екен. Жуан дауысымен үшінші әрі соңғы ескерту– деді де терезеден секіріп кетті.

Жедел жәрдем шақырып едім аман алып қала алмадық. Оқ бойлап кірген екен. Болған жайды ішкі істер басқармасына айттым. Үйге бақылау қойды. Келесі күні түнде тағы келді.

Келген бетте ұстап үлгерді, бірақта күші көп екен біраз тарпынды. Бетпердесін шештік. Түрін көргенде шошып кете жаздадым. Есік алдында қайыршы болатын сол болып шықты. Мен тұрған үй бұрын соның үйі болған екен. Құмар ойынға салып жіберіпті, үйін осылайша қанды жолмен қайтарғысы келіпті.

Тергеуші осылай айтты. Бәрінен де досымнан айырылып қалғаным өкінішті...

Бибіт Нұрмұхан