Денсаулық
Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына толық жабдықталған, заманауи талапқа сай жаңа көліктер берілді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСалтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев және облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мен медицина саласының қызметкерлері қатысты.
Дамыған елдердің бір жоғары көрсеткіші - дер кезінде жететін жедел жәрдем. Бүгінгі таңда облысымызда жедел жәрдем көрсету станциясы мен оған қарасты аудандық бөлімшелер қызмет көрсетеді. Адам өміріне бірден-бір жауапты саланың ісі ілгері дамуы үшін бүгін 16 бірдей жедел жәрдем көлігі қолданысқа берілді. Жиыннан соң «Газель-NEXT» маркалы автокөліктер облыстық жедел жәрдем станциясының аудандық бөлімшелеріне жіберілді.
Көліктер соңғы үлгідегі өкпені жасанды желдету аппаратымен, электрокардиограф, аспиратор және басқа да аса қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Алдағы уақытта облыстың медицина саласын қосымша тағы 26 арнайы көлікпен қамту жоспарлануда.