Bugin

Семейде желтоқсан айынан бастап барлық бағыттарда электронды билет жүйесі іске қосылады

ШҚО

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов және  "Smart Concept" ЖШС басшысы Қуат Ақанұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жобаның пилоттық нұсқасы 25 қыркүйектен бастап №5 автобуста енгізілген болатын. Жол жүру ақысын көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы төлеуге болады.

Ертеңнен бастап басқа бағыттарда стационарлық валидаторларды орнату басталады. Бүгінгі күні 328 валидатор сатып  сатып алынған. 3 желтоқсаннан бастап жүйе барлық бағыттарда жұмыс істейді деп болжануда. Жол жүру картасын кондуктордан немесе мына орталықтардан сатып алуға болады:

1.         "Мереке" СҮ-343 квартал;

2.         "Жаңа Семей" СҮ (Жаңа құрылыс);

3.         "Тамаша" СҮ ( Ш. Уәлиханов к-сі, 147);

4.         "Еркежан" СҮ.

Avtobys чат-бот көлік картасының балансын тексеру телеграм каналы арқылы көруге болады  (https://t.me/AvtobusPassengerBot). Картаның теңгерімін кез келген төлем терминалында картаның артқы жағында көрсетілген көлік картасының нөмірі бойынша толтыруға болады.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде № 5 (7 көлік бірлігі) маршрутта жолақысын төлеудің электрондық жүйесі пилоттық режимде іске қосылды.

- Бүгінгі таңда 488 көлік картасы іске асырылды. Мобильді қосымшаның теңгерімінен 1746 рет төлем төленді, - деді Серікқали Жұманов.

Қала тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстарын "Smart Concept" ЖШС Call-орталығы мына байланыс нөмері бойынша 8 72 22 52-01-43 сағат 09.00-18.30, дүйсенбі-сенбіге дейін қабылдайды.