Bugin

ШҚО-дағы Глубокое ауданында 13 ауыл абаттандырылды

"100 ауылды абаттандыру"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Глубокое ауданында ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен «100 ауылды абаттандыру» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Қалихан Байғонысов мәлім етті. 

Аталмыш бағдарламаның негізінде аудан орталығы мен төртінші деңгейлі бюджетке көшкен 13 ауылдағы әлеуметтік нысандарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 230,0 млн. теңге жұмсалды. Бөлінген қаражат есебінен Белоусовка, Верх-Березовка, Прогресс, Прапорщикова, Бобровка, Ушанова, Секисовка,   Тарханка, Черемшанка ауылдарындағы спорт кешендеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек Алтай мен Глубокое ауылдарындағы саябақтар абаттандырылды. Сонымен қатар аудан орталығында балаларға арналған ойын алаңы салынып, қолданысқа берілді.

- "Өңірлерді дамыту- 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау аясында аудандағы ауылдарда көше жарығын тарту, автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, бейнебақылау камералары мен бағдаршамдар орнатылды. Шағын сәулеттік нысандар қойылды. Оған 70,5 млн. теңге жұмсалды, - деді Қалихан Байғонысов.