Саясат

БАҚ: Вашингтон Киевке әскери көмектің жалпы көлемінен $ 35 млн аударған жоқ

Не үшін тоқтатылғандығы белгісіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың Украинаға әскери көмек ретінде аударуы тиіс қаржының 35 млн доллары аударылмай қалды. Ал ақша аударымын тоқтату туралы тапсырманы АҚШ президенті Дональд Трамп берген болатын, деп жазады Los Angeles Times.

Басылым АҚШ Қорғаныс министрлігінің құжаттарын зерттеп, бұл қаражаттың америкалық шоттарда қалғандығын анықтады. Алайда бұл қандай себептермен аударылмай қалғаны белгісіз. Басылымның мәліметінше, конгрессмендер ақшаның неге аударылмай қалғанын біледі және қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдерінен түсініктеме талап етуде.

Ағымдағы қаржы жылында Вашингтон Киевке Қорғаныс министрлігі арқылы кем дегенде төрттен бір миллиард доллар және дипломатиялық жолдармен, кем дегенде, 141 миллион доллар аударуы керек еді. 

2019 жылғы қаржы жылы 30 қыркүйекте аяқталғанымен, Украина тарапы жалпы қаражаттың 35,2 миллион долларын алған жоқ.