Weekend

21 қараша күнгі кинопремьералар

Бүгін қазақ бітімгерлері туралы әскери драма шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Одан бөлек «Даунтон абаттығы» сериалының толықметрлі жалғасы, алғашқы қауымдық құрылыс туралы отандық комедия және басқа да қызықты жаңа фильмдер бар.

«Қазбат» Казбат») [14+]: Асқар Ұзабаев түсірген әскери драма. Сюжетке тәуелсіз Қазақстан әскерінің тарихындағы шын қайғылы оқиға арқау болған.

Фильм 1995 жылы болған оқиғаны баяндайды. Сол кезде Қазақстан сарбаздары тәжік-ауған шекарасындағы кикілжіңге бітімгерлік миссиямен араласқан еді. Жетінші рота Пешавар аңғарында күші басым жаумен ұрысқа түседі. Салдарынан 17 адам қаза тапты, 33 сарбаз жарақат алды.

«Даунтон аббаттығы» («Аббатство Даунтон» / «Downton Abbey») [18+]: атауының өзі көп нәрседен хабар береді – бұл 2010-2015 жылдар аралығында көрсетілген аттас сериалдың толықметрлі жалғасы.

Фильм оқиғасы 1927 жылы өтеді. Ұлыбритания патшасы Георг V мен жары Мария Кроули отбасының Йоркширдегі сарайына қонаққа келеді.

«Красавчики до нашей эры» [14+]: «Регистратор» комедиясының авторлары ұсынған тағы бір отандық картина.

Фильмде "Красавчиктер тайпасы" деп аталатын 18 адамнан құралған ежелгі заманғы тайпа туралы баяндалады. Олар ештеңеге мұқтаж емес, бос уақытын көлеңкеде өткізіп, жайбарақат күн кешуде. Красавчиктер "жұмысшылар тайпасы" деп аталатын көрші тайпаның есебінен өмір сүреді. Бір күні "жұмысшылар" мекенін тастап кетіп қалады. Енді "красавчиктерде" қорек жоқ, сол себепті оларда екі жол бар: жұмыс істеп, аң аулап көру немесе кетіп қалған тайпаны іздеп табу.

«Корпоративтік жануарлар» («Корпоративные животные» / «Corporate Animals») [18+]: басты рөлде Деми Мур ойнаған хоррор элементтері бар комедия.

Сюжет жеуге болатын ыдыс өндіретін америкалық ірі корпорацияның басшысы – Люси есімді әйел төңірегінде өрбиді. Оның адамдарға, қызметкерлерге, жалпы қоршаған ортаға түкіргені бар. Бір күні ол компания қызметкерлеріне тимбилдинг өткізеді. Күтпеген жерден олар жер астында қалып қояды. Аман қалу үшін әрқайсысының жануарға тән ең жабайы түйсіктері оянады.

«Кері санақ» («Обратный отсчет» / «Countdown») [16+]: Цифрлық ғасырдың тақырыбына арналған америкалық үрейлі триллер.

Фильмде адам өлімін дәл болжайтын мобилдік қолданба туралы айтылады. Жас медбике осы бағдарламаны телефонына орнатып, сынап көреді. Қолбанба оған 3 күн өмірі қалғанын айтады. Ол аз ғана уақыттың ішінде тірі қалудың жолын табуы керек.

«Кішкентай Джо» («Малыш Джо» / «Little Joe») [16+]: Австрия, Ұлыбритания, Германия бірігіп түсірген фантастикалық драма. Актриса Эмили Бичем осы фильмегі рөлі үшін биыл Канн кинофестивалінің лауреаты болды.

Сюжет бойынша Элис есімді ғалым әйел жаңа өсімдік түрін сұрыптап шығарады. Егер гүлді дұрыс күтіп-баптаса, ол иесіне бақыт әкеледі. Бірақ бұл өмірде тегін ештеңе жоқ және әр бақытты сәттің өз құны бар.

Премьералар легі бұнымен бітпейді:

  • «Давай разведемся!» - ресейлік комедия [16+];

  • «Свадебный год» / «The Wedding Year» - америкалық комедия [16+];

  • «Король Слон» / «The Elephant King» - Иран-Ливан мультфильмі [6+];

  • «Робокар Поли: Приключение в Брумтауне» / «Robocar Poli» - корей мультфильмі [6+];

  • «Lil Peep: всё для всех» / «Everybody's Everything» - марқұм рэпер туралы деректі фильм [18+], шектеулі прокатпен;

  • «Depeche Mode: Spirits in the Forest» - танымал музыкалық топ туралы деректі фильм [16+], шектелі прокатпен.