Bugin
22 қараша күні сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы басталады
Акцияның мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат ең үздік мамандардан келіп, тегін кеңес ала алады. Олар белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасы және мемлекеттік органдардың басшылары.
Акцияны ұйымдастырушы zakon.kz желілік басылымы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және "Параграф"ақпараттық жүйесі. Акцияға Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдау көрсетті.
Семейде акция Абай көшесі, 94, мекенжайы бойынша орналасқан Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ғимаратында өтеді. (Заң факультеті)