Саясат
Алматы әкімі маңызды мәселені көтерді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚұжаттың нақты нұсқасы желтоқсан айында қалалық урбанистік форумда жарияланады.
"Құрметті достар! Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынбақпын. Тек алматылықтарды ғана емес, біздің сүйікті қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын барлық адамдарды шаһардың басты құжаты болатын жобаға өзінің сындарлы пікірін білдіруін сұраймын", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев instagram парақшасында.
Құжат 60 беттен тұрады. Алматы мен қала тұрғындарының күнделікті мәселелері қамтылады.
Мәселен, қала орталығы мен шетіндегі өмір деңгейі өте алшақ. Қалалық қоғамдық көлік жүйесі дамымаған, экологиялық жағдай, инфрақұрылымның тозуы және қауіпсіздік мәселелері де жоқ емес.
Стратегияның екінші бөлігінде халықтың өмір сапасын жақсарту үшін қала билігі атқаруы тиіс нақты шаралар жазылған.
Қала тұрғындарының ұсыныстары мына жерде пікір ретінде қабылданады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61