Bugin

«Қазақстан – 2050» аясында: Сағынтаев «Алматы – 2050» стратегиясын қоғам талқысына ұсынды

«Алматы – 2020» сәтті аяқталды ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын қоғам талқысына ұсынды.

- Тек алматылықтарды ғана емес, біздің сүйікті қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын барлық адамдарды шаһардың басты құжаты болатын жобаға өзінің сындарлы пікірін білдіруін сұраймын, – деп жазды Сағынтаев Instagram парақшасында.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының жобасын көпшіліктің талқылауына ұсынды. Қазақстанның экс-президенті Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясының «әсерінен» туған «Алматы – 2050» жобасынан бұрын «Алматы – 2020» бесжылдық даму бағдарламасы қабылданған болатын.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін тек алматылықтар ғана емес, Алматының болашағына бейжай қарай алмайтындардың барлығы енгізе алады». Бірақ жобаға қатысты пікір білдірушілер онлайн тіркелу арқылы өзінің дербес деректерін өңдеуге «жазбаша келісім» беруі тиіс.

2050 жылға дейінгі даму стратегиясында 7 бағытқа басымдық берілген:

  1. Шетсіз қала;
  2. «Ақылды» қала;
  3. Тең мүмкіндіктер қаласы;
  4. Қауіпсіз қала;
  5. Жасыл қала;
  6. Жаһандық іскерлік орталық;
  7. Мәдени креативті қала.

Қала әкімі өзінің БАҚ өкілдерімен үздіксіз жұмыс істейтінін де баса атап өтті. Стратегияның толық мәтіні Almaty-2050.kz сайтында жарияланған.