Саясат

Тоқаев Досаевты қабылдады

Президент Ерболат Досаевқа бірқатар тапсырма берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Ақордада ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл ақпаратты президенттің баспасөз қызметі растады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтын валюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, еліміздегі қаржы нарығының дамуы жайлы айтылды.

Ерболат Досаев "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының, экономиканың басым бағыттарына жеңілдетілген несие беру ісінің іске асырылуы, екінші деңгейлі банктердегі активтердің сапасына тәуелсіз бағалаудың жүргізілуі жайында баяндады.

Сонымен қатар мемлекет басшысының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және олардың бір бөлігін басқару үшін жеке компанияларға беру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша президент бірқатар тапсырма берді.