Weekend
"Абай сөзі" атты деректі фильмнің тұсауы кесілді
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық музейінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбек тіліндегі туындыда ақынның балалық шағы мен өскен ортасы, шығармашылығы мен мұрағат құжаттары кеңінен көрсетілген. Фильм авторларының сөзінше бұл шығарма қазақ-өзбек халықтарының достығын жоғары дәрежеге көтеріп, ежелден түбі бір екі елдің арасын жалғайтын алтын желі болары анық.
Ташкент қаласындағы деректі фильмдер студиясының ұжымы Абайдың туып-өскен жері Семейге арнайы келіп, ақынның Жидебайдағы музей-үйінде болған еді. Өзбек тіліндегі «Абай сөзі» деректі фильмінің режиссері Шухрат Махмудов, сценарий авторы Розика Мергенбаева.