Саясат

Путин: Америка сайлауға араласты деп Ресейді айыптауды қойды

Путин: Бұл мен үшін қуанарлық жағдай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин Вашингтондағы «саяси шайқастың» Ресейді АҚШ сайлауына араласқаны туралы айыптауларын тоқтатқанына қуанышты екенін жеткізді деп хабарлайды "Politico EU" ақпараттық сайты.

- Құдайға шүкір, қазір бізді АҚШ сайлауына араласты деп ешкім айыптап жатқан жоқ, енді олар Украинаны айыптап жатыр, - деді ол сәрсенбіде Ресей астанасында өткен экономикалық форумда.

Хиллари Клинтон бастаған демократтар Американың қазіргі президенті, республика партиясының өкілі Дональд Трамптты Украина президенті Володимыр Зеленскийге қысым көрсетті деп айыптаған еді. Яғни, демократтардың ойынша, АҚШ-тың Киевке аударуы тиіс әскери көмек қаржысын желеу етіп Зеленскийден Трамп АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байденнің ісін тергеуді талап еткен болуы мүмкін.

Осыдан 2016 жылы болған АҚШ-тағы сайлауға Ресей араласты деген айыптаудан жылжып, енді Конгрес мүшелері ендігі сайлауға Украина араласуы мүмкін деп дабыл қаға бастады.