Hi-Tech
WhatsApp сіздің әр жазған хатыңызды, суреттеріңіз бен видеоларыңызды қорғамайды
Telegram мессенджерінің авторы Павел Дуров өз каналында WhatsApp мессенджерінің кемшіліктерін ашық жазды. Оның айтуынша, WhatsApp-ты хакерлер мен ФҚҚ (ФСБ, Қазақстанда - ҰҚК) пайдалана алады. Сәйкесінше техникалық тұрғыда осал жері бар.
- Биыл мамырда мен WhatsApp-тың осал тұстары анықталады деп болжам жасаған едім. Айтқанымдай, мессенджердің қауіпсіздігіндегі ақаулар бірінен соң бірі байқала бастады, - дейді Павел Дуров.
Дуровың айтуынша, WhatsApp-тың осал тұсын пайдаланып хакерлер мен мемлекеттік мекемелер WhatsApp мессенджері бар кез келген адам туралы жеке мәліметке қол жеткізе алады. Ол үшін хакерлер желі арқылы қолданушыға видео жіберуі керек.
- WhatsApp сіздің әр жазған хатыңызды, суреттеріңіз бен видеоларыңызды қорғамайды. Тіпті, қосымша WhatsApp-қа қатысты жоқ фотолар мен хаттарды қадағалау үшін трояндық ат ретінде қолданылады. Жылдар өткеннен кейін жеке суреттеріңіз жария болмауы үшін WhatsApp-ты өшіріп тастауға кеңес беремін, - дейді Telegram мессенджерінің негізін қалаушы.