Саясат

Қазақстанның сайлау туралы заңнамасы өзгере ме?

Мәселе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде саяси партиялар туралы заң мен Қазақстанның сайлау туралы заңнамасын өзгерту мәселелері жөнінде референдум өткізу ұсынылды.

Бастамашыл топ орталық сайлау комиссиясына өтініш берді.

Референдумға ұсынылған мәселелер:

· «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізуге, оның ішінде партияны мемлекеттік тіркеу кезінде оның мүшелерінің санын қырық мың адамнан бір мыңға дейін азайтуға келісесіз бе?»;

· «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер енгізуге, оның ішінде пропорциялық жүйемен тең мөлшерде бір мандатты округтер бойынша сайлау жүйесін енгізуге келісесіз бе?».

"Бастамашыл топты тіркеу туралы өтінішпен бірге 62 адамды құрайтын референдум тағайындау туралы мәселе бойынша бастамашыл топты құру туралы жиналысқа қатысқан тұлғалардың тізімі мен деректері көрсетілмеген 2019 жылғы 10 қарашадағы жиналыстың хаттамасы ұсынылды", - деп хабарлады орталық сайлау комиссиясы.

Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясы аталған құжаттарды «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң талаптарын сақтауға байланысты заңнамамен белгіленген мерзімде қарайды.

sputniknews.kz