Weekend
Патриоттық тәрбие
Үшінші мегаполисте тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік мақсатта қызмет атқару барысында қаза тапқан сарбаздардың құрметіне түсірілген фильмді көпшілік тамашалады. Мұны Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімінің орынбасары Н. Ергешбек Отан үшін ерлікпен қаза болған сарбаздарды ұмытпауға шақырды.
Көркем туындыда 1995 жылы 7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасына жасалған шабуыл баяндалады.
Фильмнің идеясын ұсынған – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, режиссер – Асқар Ұзабаев, фильмнің қоюшы бас операторы – Максим Задарновский.
Фильмде танымал актерлер Дәурен Серғазин мен Ринат Дошибеков, жас актерлер – Халық Рахат, Дияс Мырзахмет, Шарифбек Закиров және Индира Шынболатқызы басты рөлдерді сомдайды.
Жаңа туынды 21 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Фильмнің теледидарға арналған нұсқасы келесі жылы 7 сәуірден бастап, аталған қарулы қақтығыстың 25 жылдығына орай «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.