Саясат

Шри-Ланка басшысының ағасы жаңа үкіметте төрт министрлікті басқарады

Махинда Раджапакс 2005 жылдан 2015 жылға дейін Шри-Ланканың президенті болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шри-Ланка президенті Готабай Раджапакс өзінің үлкен ағасына, премьер-министр Махинда Раджапаксқа елдің өтпелі үкіметінде төрт министрлікті басқаруды тапсырды, деп хабарлайды жұма күні News First телеарнасы.

Осы мәліметтерге сәйкес, Махинда Раджапакс келесі жалпы сайлауға дейін қаржы және экономикалық жоспарлау министрлігін, буддизм және аймақты дамыту министрлігін, қала құрылысы және сумен жабдықтау министрлігі, сондай-ақ мәдениет министрлігін басқаратын болады.

Сонымен қатар сайланған президенттің тағы бір ағасы - Чемал Раджапакс уақытша Ауыл шаруашылығы және ішкі сауда министрінің міндетін қабылдайды.

Сенбі күні Шри-Ланкада президент сайлауы өтті. Онда 52,25% дауыс жинап, Готабай Раджапакс жеңіске жеткен болатын.