Саясат

2020 жылы балаларға қанша жәрдемақы беріледі?

Жәрдемақы алудың талаптары қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсіп отыруына байланысты, мемлекеттен балаларға төленетін жәрдемақы да көбейеді. 2020 жылы 1 АЕК 2 651 теңгеге тең болады. 

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.

бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 100 738 теңге;

төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 167 013 теңге;

Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді.

Бір жасқа дейінгі ай сайынғы жәрдемақы

Бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты төленетін жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай сараланады.

Жұмыс істемейтін әйелдерге:

·         бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 15 270 теңге;

·         екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 18 054 теңге;

·         үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 20 811 теңге;

·         төртінші және одан да көп балаға – 8,90 АЕК немесе 23 594 теңге.

Декретке дейін жұмыс істеген әйелдерге бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы төлем былай есептеледі:

Соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентіне көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастайсыз.


Мәселен, әйел босанғанға дейін екі жыл ішінде 3 000 000 теңге табыс тапты делік. 
Осы соманы 24 айға бөлеміз: 3 000 000/24= 125 000 теңге.
125 000 теңге – орташа айлық жалақы.
125 000*0,4 = 50 000.
50 мың теңгенің 10%, яғни 5 мыңы – ай сайынғы зейнетақы жарнасы. 
Сонда жұмыс істейтін әйел бала күтімі үшін ай сайын 45 000 теңге алып отырады.

Жүктілікке және босануға байланысты төлем

Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты төленетін біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері былай есептеледі:

орташа айлық табысты жұмысқа қабілетсіздік күндер санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10 процент зейнетақы жарнасын алып тастайсыз. Коэффициент 4,2-ге тең.

Мысалы, соңғы бір жыл ішінде табысыңыз 1 800 000 теңге болды. Осы соманы он екі айға бөлген кезде, орташа жалақы шығады.

1 800 000/12 = 150 000 теңге; 
150 000 теңге * 4,2 = 630 000 теңге; 
Осы сомадан 10% зейнетақы жарнасын шегересіз. 630 000 – 63 000 = 567 000 теңге.
Яғни, жүктілікке және босануға байланысты біржолғы төлем 567 000 теңгеге тең болды.

Көпбалалы аналар

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы жәрдемақы 16 мың теңгеден асады.

sputniknews.kz