Саясат
10 қарашада Моралес Президенттік қызметінен және Боливиядан кетуге мәжбүр болды. Оған Мексикадан саяси баспана берілді
Бұған дейін Боливия СІМ экс-президенттің 24 жастағы қызына елден қауіпсіз кетуге рұқсат берген болатын.
Боливияның бұрынғы президенті Эво Моралестің қызы Эвалис Моралес Альварадо Мексикадағы баспана туралы ұсынысты қабылдамады. Бұл туралы Боливия СІМ басшысы Карен Лонгарик хабарлады.
- Бұл – оның тәуелсіз шешімі, ең жоғары дәрежеде өзінің жеке шешімі. Мүмкін, оның өзіндік себептері де бар шығар, - деді ол.