Bugin

ШҚО-дағы денсаулық сақтау саласында JCI стандарты бойынша қызмет көрсету оң жолға қойылды

Келесі жылы 200 дәрігер шетелге оқуға кетеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов денсаулық сақтау саласындағы бес бағытты дамытуға басымдық берілетінін атап өтті.

Аймақ басшысы денсаулық сақтау саласын өркендету ең басты міндеттердің бірі екенін айтты. Осы мақсатта облыста 3 жылдық кешенді жоспар жасалған. 2016 жылдан бастап емханаларды халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықтау және емдеу барысында қолданылатын алдыңғы қатарлы технологияларды инвестициялау, әлемдегі озық емханалар мен еліміздегі жетекші клиникаларда мамандарды қайта даярлаудан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар цифрландыру кезең-кезеңімен іске асырылуда. Бүгінде өңірімізде республикадағы жоғары технологиялармен жабдықталған ғылыми орталықтардың филиалдары ашылуда. Сондай-ақ өңірдегі медициналық мекемелер JCI стандарты бойынша қызмет көрсетуде.

- Облыстық бағдарламаны іске асыру мақсатында 22,3 млрд. теңге бөлініп, 1080 құрал алынды. Бұл тиісті нәтижесін берді. Осылайша, жоғары технологиялы медициналық техника көлемі 2,5 есе артып, халықаралық аудит жұмыстарының 85 пайызы орындалды. Ағымдағы жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100 пайызды құрамақ, - деді Даниал Ахметов.

Медициналық ұйымдарды жабдықтау медициналық орталықтардың құрылып, халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетуіне мүмкіндік берді. Өңірде роботты хирургия орталығы, көпжарақат пен ортопедия орталықтары ашылды. Алтай мен Аягөз аудандарында ІІ деңгейдегі инсульт орталықтары бой көтерді. Сондай-ақ науқастардың диагнозын анықтау мақсатында онкология және хирургия орталығында МРТ іске қосылды. 

Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасында гибридті хирургиялық операциялар жасау үшін жаңадан зал ашылды. Жекеменшік серіктестік аясында офтальмохирургия орталығы қолданысқа берілді. Аталмыш мекеме заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Онда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. 

Семейде 200 орындық балалар ауруханасының құрылысы аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, Өскеменде 300 адамға арналған көпсалалы аурухананы салу мәселесі қарастырылуда. 2021 жылы Семей ядролық медициналық орталығының құрылысы аяқталады. 

Сонымен қатар аймақта онкология, кардиология, босандыру және бала, аудандық ауруханалардағы бас дәрігерлерге арналған менеджмент үш кезеңге арналған бағдарлама негізінде оқытылуда. Оқудың бірінші кезеңінде 3,7 мың дәрігер Семейдегі медицина  университеті мен республикалық ғылыми зерттеу институтында білім алды. Екінші кезеңде 1,5 мың дәрігер 86 шеберлік сыныбына қатысты. Оған қазақстандық және әлемдік деңгейдегі білікті мамандар тартылды. Дәріс облыстағы емханалардың базасында өтті. Үшінші кезеңде 276 маман Ұлыбритания, Германия, Жапония, Италия, Польша, Литва мен Израиль елдеріне барып, біліктіліктерін арттырып қайтты. 

Ал 2020 жылы 300 медицина қызметкерін шетелге жіберіп оқыту жоспарлануда. Қазіргі күні медициналық мекемелер "Алтын стандарт" JCI  халықаралық стандарты бойынша аккредитациядан өтуде. Әзірше бұл жұмыстар Семейдегі жедел жәрдем ауруханасының базасында жүргізілуде. 2021 жылға дейін дәл осындай медициналық қызмет көрсету стандарты Өскемендегі ана мен бала орталығына келушілерге де көрсетілмек.

- Айта кетейік, 3 жылдық кешенді жоспар құрудың нәтижесінде сәби өлімі 22%, енді ғана пайда болған қатерлі ісік көрсеткіші 4,5% азайды. Оның алдын алу үшін диагностикалау мен емдеудің 130 мыңнан астам жаңа түрі енгізілді. Сондықтан тұрғындар медициналық қызмет көрсету сапасының дамуына 134% беріп, көңілі толғанын көрсетіп отыр. Ал қатерлі ісікті ерте бастан анықтау жұмысы 106% құрады, - деп қортындылады Даниал Ахметов.