Саясат
Эстония Ресейге талап қойды
Ресей Эстонияға отарлап алған аймақты қайтаруы тиіс. Дәл осындай үндеуді Эстония парламентінің спикері Хенн Пыллуаас тастады. Эстонияның Ресеймен шекарасы 1920 жылғы Тартус келісімі бойынша өтуі қажет деп санайды спикер.
- Эстонияның Ресейге территориялдық қарсылығы жоқ. Біз бар болғаны өзімізге тиесілі аймақты қайтарып алғымыз келеді. Ресей Эстонияның бес пайыз жерін отарлап, тартып алғанын бәрі біледі. Ресей біздің жерімізді қайтаруға міндетті, - деді Хенн Пыллауаас.
Эстония 2005 жылы Ресеймен Тартус келісіміне сүйене отырып, өзінің тарихи аймақтарын қайтару мәселесін көтерген болатын. Алайда Ресей ол тақырыпты қозғаудан бас тартқан еді. Енді міне тағы да сол мәселе көтеріліп отыр.