Bugin

Абайдың сирек кездесетін туындылары Лондонда көрсетіледі

Хакім Абай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов Ұлы Абайдың 175-жылдығына орай жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары туралы кеңінен айтып берді.

Ол облыста осы шараны кең ауқымда атап өту үшін арнайы жоспар жасалғаннын атап өтті. Жоспарға сәйкес ақсақалдар, ғалымдар, абайтанушылар, оның ішінде Ғарифолла Есім, Роллан Сейсенбаев, Арап Еспенбетов бар. Барлығы 560 іс-шара өтеді, 24-і халықаралық деңгейде Ұлыбританияда, Ресейде, Түркияда, Польшада, Қытайда, 21 республикалық, 515 облыстық шара ұйымдастырылады.

Бұдан  бөлек "Рухани жаңғырту" бағдарламасының аймақтық бағдарламасына ақынның мерейтойын енгізу жоспарлануда. Ағымдағы жыл соңына дейін "Абайтану" курсының кешенді оқу-әдістемелік кешені әзірленеді. Осы мақсатта ғалымдар тартылады. Кейіннен бұл ғылыми-зерттеу институттарының жұмысы облыстағы колледждер мен мектептерге таратылады. Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2020 жылдан бастап 5-8 сынып оқушыларына  элективті курс ретінде енгізіледі. Сонымен қатар, педагогикалық колледждердің студенттері де осы курсты оқитын болады.

2019 жылдың қараша айынан бастап 280 мұғалім арнайы курстан өтеді. Оларға ЖОО-дағы абайтанушылар дәріс береді.

2020 жылдың сәуір айында оқушылар мен студенттер арасында ІТ-хакатон өтеді. Басты мақсат - ІТ-шешімдер арқылы Абай туындыларын насихаттау.

Білім беру саласында Абай шығармаларын насихаттау үшін олимпиадалар, дәрістер жүргізіледі. Жеңімпаздар Жидебай-Бөрілі, Ақшоқы туристік бағыттары бойынша, сондай-ақ Абай, Әуезов, Достоевский мұражайларын барып, көзбен көріп қайтуға мүмкіндік алады. Оған шамамен 225 мың оқушы мен студент қатысады деп жоспарлануда.

2020 жылдың тамыз айында Абай атындағы қазақ тілін тереңдетіп оқытатын облыстық мамандандырылған мекте-гимназиясы ашылады. Сондай-ақ Өскемендегі № 46 жалпы білім беретін орта мектеп пен Абай ауданындағы Қарауыл ауылында 300 орындық мектепте қазақ тілі тереңдетіліп оқытылады. Ал келесі оқу жылында облыстағы 277 толық комплектілі мектеп пен екі педагогикалық колледжде "Абайтану" кабинеттері ашылады. Жоғары оқу орындарында "Адам бол" атты ғылыми зерттеу жобалары қолға алынады (Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ). Басты мақсат - жастар арасында Абай мұрасын насихаттау. "Абай және ХХІ" ғасыр атты элективті курсы енгізіледі. Оны 1-4 курс студенттері оқиды. Сондай-ақ Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің базасында "Хакім Абай" жобасы іске асырылуда. Онда Абай мұрасын насихаттайтын баспалар шығарылады. Оған абайтанушы Арап Еспенбетов жетекшілік етеді.

Мәдениетті дамыту бағдарламасы аясында "Шығыс Қазақстанның ежелгі байлығы" жобасы қолға алынды. Бұл жоба аясында "Алтын ұлы дала" атты көшпелі археологиялық көрме ұйымдастырылады. Ұлыбританиядағы Кембридж университетінде 26 мамыр мен 16 тамыз аралығында осы көрме өтеді. Онда "Ұлы даланың ұлы ұлдары" атты әдеби-суреттемелік көрме бөлімі өтеді. Мұнда келушілердің назарына сирек кездесетін қорлар ұсынылады. Оның ішінде Абай шығармашылары да бар. Сондай-ақ "Абай - ұлы ойшыл" атты суретшілердің пленэрі өтеді. Оған отандық және шетелдік қылқалам шеберлері қатысады.

Классикалық орындаушылардың қатысуымен "Ақ Ертіс" халықаралық байқауы өтеді. "Абай әлемі" кітаптар сериясы шығарылады. Онда әдеби  мұралар мен өңірдегі жазушылардың потенциалы толық көрсетіледі. Абай мұрасын насихаттау мақсатында фотоальбомдар мен музейлерге арналған катологтар шығарылады.

- Мерейтойды өткізудегі басты мақсат- Абай мұрасын әлемдік қоғамдастыққа таныту. Сөйтіп Қазақстандағы гуманизмнің жоғары деңгейін көрсетіп, еліміздегі татулық пен ашықтықты өзге елдерге паш ету, - деді Даниал Ахметов.